Өлеңдер ✍️

  12.09.2022
  121


Автор: Әлімқұл Данияр

Сенім

Қауырсын жаным, сыңар қанатым,
Ауыр шын сенсіз шынар қара түн.
Дейтін бір сұлу сүйсем деп жүрмін,
Мен жоқта «мен деп» жылап алатын.
Қап-қара мөлдір – түн жасындай тым.
Шақта ма сол бір – сыр жасырмайтын.
Сап-сары қызды сүйсем ғой шіркін,
Сағынышын айтып, бір басылмайтын.
Кіл түніне ғаріп сөзім тоңатын.
Кірпігіне барып, көзім қонатын.
Өзгеше қызды сүйемін иә
Өлеңімді іздеп Өзім болатын.
Терезе келіп, түн асылмайтын.
Кездерде сезім тұмасындай тым.
Көктемдей қызды сүйемін ертең
Көңілдің онсыз бүрі ашылмайтын.
Озғанда жырақ, тұрмыс... талай күн...
Тозғанда жылап, тыныстамай түн.
Тоғжандай қызды сүйемін ертең,
Тоғжанға бірақ, бір ұқсамайтын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу