Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
12.09.2022
105
ҚҰТ ДАРЫҒАН ЖЕРІМ
Ұлан байтақ құт дарыған жерім,
Көңілі дархан бауырмалды елім.
Кіндігімді кестің, сенде туып өстім,
Бақытым зор деп білем менің.
Бай бақытты күндеріңнің бүгін,
Жеткізе алсам айтып мыңнан бірін.
Жиырма үш жыл өтіп, өркенді елге жетіп,
Жайнаттық біз көңілдің гүлін.
Халқың тыныш, іргең бүтін сенің,
Тілегі сол басқаның да, менің
Ойыңда жоқ алаң, еркін өсті балаң
Қазақ елі бекіді белің.
Нұр үстіне бола берсін нұр тағы,
Көкірегімде бір мақтаныш тұр тағы.
Ұл қыздарың жұп боп бір біріне құт боп
Өркен жайды өсті ұрпағы.
Тұнық болды еліміздің заңы,
Арайлады, атты алтын таңы
Гүлдене бер заман, ел борышты саған,
Тек өзіңсің еліңнің сәні.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter