Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
12.09.2022
141
![](/uploads/shorttexts/author_image/2022-08-23-03-04-54[2].png)
ЖАҚСЫ АТ
Топ кекіл, майда жалды, қылыш құйрық
Аршынды тік сирақты тұрды биік.
Жуан бақай төңкерген тостағандай,
Тұяқтар жасалғандай тастан құйып.
Талыс танау, отты көз, белі қысқа,
Бөрі құлақ, аяма, айда алысқа.
Тоқпақтай шатқа біткен шақпақ еті,
Жылқыға сирек бітер мұндай нұсқа.
Арқар таң мелжемді ұна арты талтақ,
Шоқтықпен бірдей келген жая жалпақ.
Кеуделі, кең омырау құлжа мойын,
Мінсең алға тіленген емес жалтақ.
Етсіз тақыр шағындау орақ басты,
Шапқанда моншақ татар көзден жасты
Көз көрім жерден қашқан ақ бөкенге,
Әне - міне дегенше араласты.
Біз қазақпыз осындай атқа мінген,
Ат жалында ұл-қызы өсіп өнген.
Ақ көңіл әрі ашулы мінезі бар,
Ақ найза арынды атпен жауға төнген.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇