Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
12.09.2022
147
ҚАЗАҒЫМ
Қазағым, халқым басылды көп жыл көңілің,
Бейнетпен қайнап төгілді тасып көбігің.
Қып-қызыл оттың ішіне тастап жасытты,
Сұм тағдыр басып отаршылдықтың көрігін.
Шетелде қанша бауырластарың жүр әлі,
Кетіре алмай көкіректегі керігін.
Иенде қалған иесіз малдай жүр олар,
Талқысын көріп азулы арлан бөрінің.
Намысың болса құшағыңды ашып жинап ал,
Тілегі түзу қолқанат болар серігің
Намызсыз болсаң мысқылмен күліп жүре бер,
Кейпіне түс деп, малмада қалған терінің.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter