Өлеңдер ✍️

  12.09.2022
  98


Автор: Қыңырбек Қамашұлы

ҮКІРДАЙҒА

Дұғай сәлем Жалбаққа,
Бүйідей ти жан-жаққа.
Ұрлатып елден айдап ал,
Еңбектеніп мал бақпа.
Әлің жетіп тұрғанда,
Әлсізді жәншіп жармақта.
Төңіректен ізде жауыңды,
Қарама құдай аруаққа.
Ол дүниеге Үкірдай
Ойладың ба жылқы айдап?
Салтанатпен бармаққа,
Қиямет жолы жіңішке –
Жылқы өтпейді ары жаққа.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу