Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
12.09.2022
120
ЫРЫЗДЫҚ
Жоқтан бар қып ырыздық беруші – Алла,
Пәруар қақ ерікті не қыларға.
Құдіретпен көндіріп барлығына,
Бүгінде мұқтаж қылды осы тарға.
Ғұрпым-қазақ, Байжігіт-Мәмбет елім,
Тіршілікке келмейді нелер керім.
Хан Ежен билеуші Мәгәр амбы,
Тарбағатай Азияда тұрған жерім.
Қазақта ұрлық былықпа, пасық бақа,
Кесірткі ел жылатқан бар нелерім.
Ұлығың шайтан болса әмірін күт,
Содыр сойқан болса да сонда кілт.
Егер сабыр қылмасаң басың кетер,
Бұзық ұлық аямас қылма үміт.
Сүбіқан өзі еткен соң хүкімия.
Бізге нәсіп болыпты жарық дүниә.
1870-те алтыншы жыл
Туыппын, қисабым мелладиә.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter