Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
12.09.2022
111
ҮЙ ІШІ
Топырақтың астында жатыр сырмақ,
Жөн айтсаң жүргізбейді сөзбен шырмап.
Көйлек, жаулық, кимешек – мақпал барқыт,
Қолы баран алусыз қара тырнақ.
Қазаны жалын, қаспақ құлақ толып,
Қақпақ, тақтай, астау тұр бат кір болып.
Тегене, аяқ-табақ, қасық-шөміш,
Ішінің кірін көрсең көңілің солып.
Шәугімнің іші қақ, сырты сары,
Жүк төсек қиқы-жиқы түс ажары,
Дастархан орамалы бейне желім,
Сүртпей тұрып кір болды қолдың бәрі.
Қолға ұстамай шошисың сулық түрін,
Қолға өзі жұқтырады бірер кірін.
Ұялама, болмаса сөге ме деп,
Сүрткен болып қоясың қолдың қырын.
Үй әйелі қыдырғыш болса салақ,
Ұялмаса әрине болады олақ,
“Олақтан салақ жаман”, - дейді халық,
Үйренген жөн жақсыдан қылып талап.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter