Өлеңдер ✍️

  12.09.2022
  104


Автор: Қыңырбек Қамашұлы

ХАТ ЖАЗДЫМ

Хат жаздым көңілім ишарат еткенінде,
Арман ғып жұрттың надан кеткенін де.
Іштен тынып, түтін боп, көріп жүрмін,
Біреуді біреу басқа тепкенінде.
Жарыққа дүние халқы шығып жатыр,
Оқып білсең таңдайға балдай татыр.
Салғырттық, салақтықпен сандалуда,
Оқу жоқ, өнері жоқ қазақ пақыр.
Біз дағы ел пайдасын ізделік те,
Өнерлі ел үлгісін көзделік те.
Бала жыйып оқытып, мектеп жасап,
Осылай жетіскенін сезелік те.
Ұлықтар кел кеңеске ел жемелік,
Адалдық қып, түзелік, жөнделелік.
Халық пайдасы дегенде қамқор болып,
Тазалықпен тексеріп, теңгерелік.
Әйтеу ажал түбінде бір алады,
Қиянат аздан көп боп құралады.
Бүгінгі атқа мінген ел билеуші,
Тәңір алдына не қылдым деп барады.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу