Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
12.09.2022
100
БЕКБАЙ
Бекпай айтты бір кекпен елден шықтым,
Жолбарыс ем тышқаннан қорқып бұқтым.
Мың қайғыға жолықтым, қапаландым.
Қаңтар туып шілдеде желден ықтым.
Аштан өлсем айрылмай елімнен еш,
Таразы да, қазы да, жұртта екен күш,
Бірі – дұшпан, бреуі дос-туысқан.
Көріпті әр ісімді қалыптан тыс.
Бір кекпен кетіп едім елден шығып,
Мың кек болып кезікті басым шіріп.
Астам жүрек, зор көңілім ағат екен,
Одан көрі жатсам ғой бастан бұғып.
Осылай айтушы еді моса мен шай,
Әр істің мәнісі бар емес қой жәй.
Бір себеппен сырласып отырғанда,
Ақыл беріп тоқтау ғып, деді осылай.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter