Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
12.09.2022
113
Өмір
Өмірге болса жақсы құштарлығың,
Елемес пенделердің іштарлығын.
Өмір деген тек тірі жүру емес,
Біл жолыңда сан қилы іс барлығын.
Қашанда өмір үмітке қол артады,
Сол өмір ыстық жасты құрғатады.
Қайғының шыңырауына кетсең батып,
Бақыт болып, шақырып, тіл қатады.
Өмір ылғи тынымсыз шөгелденген,
Шөгелдердің шаруасы түгелденген.
Жерде тоңды айырып, көкті шарлап,
Бар тылсымды игеріп кемелденген.
Жете алмасаң өмірдің қадіріне,
Кезіктірер тәлкектің әр түріне.
Жүрісі жаман жігітті ит қапқандай,
Сырғытар пәни дүние түпкіріне.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter