Өлеңдер ✍️

  12.09.2022
  141


Автор: Қыңырбек Қамашұлы

Алтын дән жерде қалмасын

Алтын орақ: кідіру аз да, жүріс көп.
Жұмысқа жойқын, біздей боп кімдер кіріспек.
Не жетсін саған, абыройлы еңбек, даңқы асқан,
Даланы байтақ алыпсың жаппай күмістеп.
Қақаған қыста, аязға қолын қарытқан.
Шіліңгір жаздың аптабын жанға дарытқан.
Еңбекқор диқан нәр жиып, қыста егіске,
Тулатып жазда ағызған суды арықтан.
Тілектер біздің қарқын алып қарқыннан,
Айнымас диқан ежелгі сол салтынан.
Айғағы болып, еселі мынау еңбектің,
Тырсыйтып тонын, жебеге толды алтын дән!
Орақта міне, сол түлек бүгін сап құрған,
Қызулы еңбек қыраны бұлар сақ тұрған.
Тұрманы түгел, сай тұрған тұлпар комбайн,
Көмейі толып, шүмектеп дәнді сапырған.
Қимылда, достар! Сынақ дән жерде қалмасын!
Дүбірлі жарыс-озудан диқан танбасын.
Нығая берсін, бақытты елдің іргесі.
Отанның толтыр, алтынды дәнге қамбасын!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу