Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
12.09.2022
114
Қыз асу
Асуым қынамалы – қыз беліндей,
Жатады бетегеңнен із білінбей.
Тастарын сәндеп жиған жүк секілді,
Тауларың керуеннің тізбегіндей.
Шыңыңа тақия түскен қарасқанда,
Ез қалып, ер шығыпты таласқанда.
Халқымыз «Қыз асу» – деп, ат қойыпты,
Тұңғыш боп, жігіт пенен қыз асқанда.
Шарайна – шыңда жатқан Жотакөлің,
Көккезең елестетер бота белін.
Қашанда ізгіліктің асуысың,
Көшіріп қоныс малын жатады елім.
Күміс су құзға құйған сырғып тастан.
Самалың сазды күйдей көңілді ашқан.
Мал шуын, құстың дуын, малшы інің,
Еміреніп бауырына басады аспан.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter