Өлеңдер ✍️

  12.09.2022
  115


Автор: Қыңырбек Қамашұлы

Патша-Құдай, рақым қыл

Патша-Құдай, рақым қыл...
Түзет мына заманды.
Тілге көнбес тіркіс көп,
Ант атты кейбір адамды.
Итті де сойып жеген бар,
Талғамай адал, арамды.
Өріске еркін жүре алмай,
Ұрыға мал таланды...
Құлқыны құрып аңдиды.
Күндік жерден қараңды.
Оңай олжа іздейді,
Еңбек қылмай, табанды.
Имам ағзамды ұмытып,
Саудагер ашты аранды.
Ісің түссе ұлыққа,
Ұялмай алар, параңды.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу