Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
12.09.2022
1019
Алыпты алып көтерер
Мұхтар Әуезовтың 90 жылдық мерейтойына
Жарыса озған, қуғанда жеткен құтқармай,
Арманы бар ма, жаралған жанның Мұхтардай.
Әлемге тіктеп көз салып өскен сұңғыла,
Қыры мен сырын тынбады түгел ақтармай.
Хас маңғаз тұлға, өнерге біткен маңдайын.
Құмарта қарап шөлдеймін, сірә, қанбаймын.
Көзінде нұрлы көктемгі күндей мейірім бар,
Ой салып көпке, тұрады қарап әрдайым.
Білгірі елдің риза қылған халықты.
Алыптар ғана көтере алар алыпты.
Кеңдігі дала, тереңі теңіз Абайды,
Өресі жетіп, дүниеге төрткүл танытты.
Жаралып бірге, жарасып өскен өмірмен.
Жарқ етіп ылғи күдірлі жақтан көрінген.
Дана боп жасап, баба боп қайтқан Мұқаңды,
Көреді әлем, көрікті ойдың төрінен.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter