Өлеңдер ✍️

  12.09.2022
  117


Автор: Қыңырбек Қамашұлы

Рамазан Қыңырбекұлы қайтыс болғанда

Төрт тарапты танытқан,
Теңдесі жоқ биігім
Көл жағасы көк орай
Суырыла шыққан сүйрігім.
Сахараның саңлағы,
Киесі бар киігім.
Көк серісі көреген,
Мұзбалақ қыран сиығым.
Досқа дархан даладай,
Дұшпанға тас-түйінім.
Ақылға дария ашуға
Бой алдырмас тұйығым.
Ілуде көзге түсетін,
Асылдан қалған қиығым.
Аталы сөздің алыбы,
Ой түсірген жүйрігім.
Төріңде көрсем төбеңді,
Көтерілген иығым.
Ауырда болса Алла ісі,
Көнбеске ешбір жоқ күйім.
Оң сапар берсін бір Алла,
Кім жеңбек тағдыр бұйрығын.
Кемесін мініп қиялдың,
Сізді іздеп құйғыдым.
Тағдырға жоқ қарсылық,
Мұндайға Сізді қиды кім.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу