Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
11.09.2022
85
Махаббат жырлау ұлылық
Сұрайсың әркез жыр жаздың қалай деп менен,
Шындықты жазбай жүремін кейде еппенен.
Әйелдік нәзік сезімді жырлау үстінде,
Тұрмыстан қорқам балшықтай ұя септеген.
Жыр жаздым я, шарана тасып шайқалды,
Кім тыңдар мынау мендегі шықпас айқайды.
Күйеуге тиіп махаббат жазған әйелдің,
Наданша болса кінәсі көптей байқалды.
Әйелдік сезім қыздардың мөлдір жүрегін,
Біз жазбай әсте демесін кей ер білемін.
Махаббат жырлау еркекке тән деп ойлаған,
Түсінбес бәлкім өз әйелінің де жүрегін.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter