Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
11.09.2022
116
Таңдағы шолпан секілді
Жолықтым саған айында со бір наурыздың,
Алмастай өткір мінезің жақсы, жан құрбым.
Әуелеп ұшып шыңдарға жеткен даусыңнан,
Әсеті келіп қалды ма деймін арғынның.
Құлдырай шапқан құлындай жүрек кеудемде,
Кісінеп кетті-ау шылбырын үзіп сан жырдың.
Құлпырды жаным қарға аунап тұрған түлкідей,
Жабығып қайтем ақ шарбы бұлтты сілкімей.
Тамұқ дүние сен салған халық әнінен,
Көздерін жұмды үлпілдек жүнді үкідей.
Оралтып кеттің жанымның қайта жастығын,
Мұңсыз бір жүрек ұмытты бәрін бір күндей.
Жап-жақсы сәттер болады неге қып-қысқа,
Сен жайлы бәлкім тумайды менде жыр нұсқа.
Қош айтар саған менде де төзім жоқ білем,
Ақыл да бәлкім орнында емес бұл тұста.
Қимайтын көзім таңдағы шолпан секілді,
Уатам қайтып жүректі ғашық жын қысса.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter