Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
11.09.2022
108
Ақ моншақ
Қосты ма тағдыр, табыстық қалай, қарағым?
Қиылып мен де, қия алмай сен де қарадың.
Жарқылы бөлек жанарлар үнсіз тоғысып,
Сол күннен бастап өзіме іштей баладым.
Ақ мамық қардай ақша жүзіңнен айналдым,
Қиялға шомдым сен жайлы әр күн ойландым.
Тәп-тәтті арман, тәп-тәтті сезім жетелеп,
Тағы бір ғажап үмітке шексіз байландым.
Тойларға бардым ілесіп жүрді елесің,
Қоңыраулап әр кез құлаққа тұрды кеңесің.
Аспанда тұрған шолпандай жалғыз жарқырап,
Сағымдай ойнап, көз алдыма ылғый келесің.
Шықпайсың түстен, кетпейсің мүлде көңілден,
Ақ құсым едің, ақперіште болып көрінген.
Бас қосқан шақта, ақ шашу болып шашылсын,
Ақ моншақ жырым, ақ жүрегімнен төгілген.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter