Өлеңдер ✍️

  11.09.2022
  94


Автор: Гүлден Мүлікқызы

Ешкімге де тізгінімді бермеспін

Халық баулып қарғалдақтай,
Қайсар болып ержеттім.
Сетер жырмен сезімдес боп,
Жыр бесігін тербеттім.
Бояуына қанық болдым,
Өмір салған өрнектің.
Төбем көкке жетпесе де,
Төредей боп төрлеттім.
Тағдыр басқа нені жазса,
Бәріне де көнбекпін.
Шөл далаға ексе-дағы,
Тамыр тартып өнбекпін.
Тәтті орнына дәмі келсе,
Таңдайыма кермектің,
Оған-дағы шөлім қанып,
Маңдайымды терлеттім.
Мықтысынған ақымақпен,
Келмейтін мүлде белдескім.
«Мың күн сынбай, бір күн сынып,
Қалары хақ шөлмектің».
«Шырқыраған шындық сөйлейін,
Даттағанға өлмеспін».
Ізгіліктің көмбесінде,
Тықыршып тұр кербестім.
Ғұмыр болса ешкімге де,
Тізгінімді бермеспін!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу