Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
11.09.2022
113
Қайда жүрсің, қай жақтың белесінде...
Қайда жүрсің, қай жақтың белесінде,
Керуен көшіп барады, келесің бе?
Алданба жол жақын деп ұзақ күнге,
Қам жаса, көш-дүбірге құлақ түр де.
Алаңдаулы күйдемін күймемде әлі,
Жолға кеткен жандайын сүйген жары.
Неге үнсіз, белгі жоқ, хабар қайда?
Қарайған көңіл онсыз ағармай ма?
Тоқта дедім, уақыт бағынбайды-ақ,
Сусыған күн қайтемін бағын байлап.
Құлағыңа жете ме әнім жайлап,
Қадамыңды қойған-ау сағым байлап.
Тірінің сағынышына таңым да айғақ,
Өлгендер сағынбайды-ақ, сағынбайды-ақ.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter