Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
11.09.2022
116
СЕН ЖАНЫМДА ЖҮРГЕНДЕ
Сен жанымда жүргенде
Өмір маған өлшеусіз көрінетін.
Тоқ кезім от сезімге семіретін.
Сезбеппін көлеңкеде күндер барын
Жанымды күбірткідей кеміретін.
Сен жанымда жүргенде
Қылпықтай қонбаушы еді көкейге мұң,
(Дертімнің уақыт қана өтейді емін)
Өзіңмен ере кетіп еркелігім,
Ес жиып бір-ақ күнде есейгенім.
Сен жанымда жүргенде
Бақыт та серік еді маған анық,
Бүгін менің күйімді қарадан ұқ.
Сенсіз сауыт кимеген сарбаздардай,
Қалады екем тым жылдам жараланып.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter