Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
11.09.2022
109
Жаңа ғана тұрған бұлттар көк тіреп...
Жаңа ғана тұрған бұлттар көк тіреп,
Жылап жатыр қара жерді тепкілеп.
Жұбатуға сергек самал ептірек,
Құрғатуға тамшыларды өпті кеп.
Жер-дүние жайқалсын да құлпырсын,
деп құшағын жайды бізге бір тылсым.
Көк оянып Күнге қарай ұмтылсын,
Серпіп тастап топырақты бір шымшым.
Бұл көктемде алапат бір күш барын,
Сездім қайтып оралғанда құстарым.
Естіледі алау Күнге құштар үн,
Пай-пай, шіркін,
неткен ғажап ұстаным!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter