Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
11.09.2022
151
Алдыңызда жаңа кітап – күнтізбе...
Алдыңызда жаңа кітап – күнтізбе,
Күрсінбестен жыртып тастап жүрсіз бе?!
Құмсағатты бітейсіз бе белінен,
Қарындас боп сырымды айтсам бір Сізге?
Күлкі көрдім Сізден ғана риясыз,
Күле түскін, неге езуді жиясыз?
Кеңдігіңіз көшірмесі даланың,
Қанағаттың қауызына сыясыз.
Сабырдың да Сізден көрдім салмағын,
Аға тұтпай жүретұғын бар ма күн?!
Биіксің деп бұлданбаса біреулер,
Бар ма басқа тағатұғын тауға мін?!
Айнымайтын біртоғалық қалыптан,
Тазалықтың табиғатын танытқан,
Көлеңкені ысыруға, сірә да
Сіздің жүрек жаралған-ау жарықтан?!
Алдыңызда жаңа кітап – күнтізбе,
Күрсінбестен жыртып тастап жүрсіз бе?!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter