Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
11.09.2022
88
Мезгілімді білгім келіп құлшынып....
Мезгілімді білгім келіп құлшынып,
Күн сағат қып қадап қойдым бір сырық.
Сол елеусіз бір сырықтың маңында
Шыр көбелек айналады тіршілік.
Уысымнан жылыстайды жыл әр күн,
Сол әр күннің ажарына құмармын.
Жасыл желек секілденіп у жұтып,
Оттегімді, от демімді шығардым.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter