Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
11.09.2022
121
Сенімімді сетінетпе...
Сенімімді сетінетпе,
Беретұғын сен емес пе ең жанға дем,
Көз жанарың алдай алмас аңғал ең.
Сенің сырың –
қазір бейне түн-тылсым,
Менің жырым –
таусылмайтын таңғы әлем.
Күдігім көп көкіректе,
Соның бәрін серпіп тастар қайда үнің,
Үнсіз әлем.
Қанатын кең жайды мұң.
Мылқау мұңды пенделіктен көтеріп,
Алып кетші,
аспан ару,
Ай-бұрым.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter