Өлеңдер ✍️

  11.09.2022
  107


Автор: Сағыныш Намазшамова

Жүрегім бе кеудемдегі тірі етім...

Жүрегім бе кеудемдегі тірі етім,
Сол тірі етім шығар өмір сүретін.
Онсыз мен бір көлбеңдеген көлеңке,
Күнім батса көкжиекке сіңетін.
Отқа салдың, суға тағы түсірдің,
Беймазам-ау,
осы кейпің үшін мың
болмас жерде қабақ керіп, қырсығып,
Тұрмас істе басымды иіп, кішірдім.
Асаулығың кейде ақылды тыңдамай,
Бір басымды тауға, тасқа ұрғаны-ай.
Қалай жүрем, қалай жүрем қасқайып,
Мен тіріңде тірлігіңді жырламай.
Өзің барда, жұмыр қалпың есенде,
Кеудем төсеп дауылдарға, нөсерге,
Аппақ едің,
ақжем болған қалпыңмен
Басқа салса, басқа әлемге көшем де.
Шын бейнеңді танытатын шарайна,
Лүпіліңнен жаңылмағын, қалайда,
Шыдамсыз де, тасжүрек де, марғау де,
Бір жапырақ өлі ет деме, алайда.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу