Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
11.09.2022
102
Алтыным, сүрінгенің, құлағаның
Алтыным, сүрінгенің, құлағаның –
Бекітіле бастауы бұғананың.
Жер-ананың жылуын сезін солай,
Сүйегені не болар бір ананың.
Құлыным, құлағаның, жылағаның –
Шырқағаның қосылып бұлақ әнін.
Кең даланың дауысын ұғынып өс,
Тербеткені не болар бір ананың.
Анау не, мынау не деп сұрағаның –
Дүниенің тетігін бұрағаның.
Үлкен ұстаз өмір ғой, үлгеріп қал,
Үйреткені не болар бір ананың.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter