Өлеңдер ✍️

  11.09.2022
  101


Автор: Сағыныш Намазшамова

КӨЗСІЗ КӨБЕЛЕК ТІРЛІК

Жынды көбелекпін бе?
Мұңды керек еттім бе?
Оттың ойраны барда
Мыңды елемекпін бе?
Жалғыз жарығым менің
Сәулең қарып іргені.
Таңар тәлімім нені,
Маған бәрібір ме еді?!
Санам салмақтап бәрін
Саған жарды аттатпадым.
Өзіме өжетім жетпей,
Тағы да қалбақтатқаның.
Басыма қара түнді үйіп,
Қалса қанатым күйіп,
Зорға шыдап та тұрам
Морда тағатымды иіп.
Сөзсіз керемет құрлық,
Көзсіз көбелек тірлік.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу