Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
10.09.2022
80
Желдейін желмекке каншама ұрындым...
Желдейін желмекке каншама ұрындым,
Қаншама соғылдым, қаншама ұрылдым...
Аулаққа қаңғыдым, бау-баққа бұрылдым,
Бұтақка іліндім, тастаққа сүріндім.
Сүйіктім, бір сен деп, жаныңда жүрсем деп,
Жаңбырға ұрындым, боранда бүрсеңдеп...
Өмірде жоқ менде өзіңнен басқа арман,
Айналам тастүнек, айналам тас қорған.
Іздейтін халде емен өзіңнен басқаны,
Басқаның бәрі тас, тас, тас, тас, тас бәрі!
Көктемде жаумаған бұлт та тасбауыр,
Қалғыған, мүлгіген қазандай бас та ауыр...
Жанымда сен жоқсын... жандертім асқынды,
Жап-жаңа жазылған жырым да тас сынды.
Азабым ауырлап, ауруым асқынды,
Кірпіктен үзілген тамшы да тас сынды...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter