Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
10.09.2022
153
Сұлулардың сұңғақтысы екенсің...
Сұлулардың сұңғақтысы екенсің,
Көңіліңді көздеріңнен оқыдым.
Жұмағымның жұмбақ құсы екенсің,
Алтын жіптен арнап себет тоқыдым.
Таң атқаннан сыбырласып гүл гүлмен,
Күн батқанша сені ғана мақтады.
Мұндай сұлу екеніңді кім білген?! –
Бұлбұлдың да тамылжыды тәтті әні.
Көзіңдегі мәймілдеген мың бір мұң
Өлеңімнің өзегіне айналса...
Сенсіз мынау құрдымға еніп құрғыр күн
Қуанар ем, құла дүзге жайланса...
Гүл егіп ем сенің келер жолыңа,
Тал бойыңды талдап үзіп идің бе?
Тағдырымды тапсырып ем қолыңа,
Шыныңды айтшы, сүймедің бе, сүйдің бе?
Саған бола қанша-қанша солды гүл,
Сыбызғы саз, айтар сыры іште өліп...
Менің-дағы көз – көземе толды мұң,
Тұнжыр өңің түніменен түске еніп...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter