Өлеңдер ✍️

  10.09.2022
  78


Автор: Исраил Сапарбай

КҮЗ

Жасыл еді...Сарғайыпты жапырақ,
Ғаріп, арық Шығысымның өзіндей.
Атыраптың сұрқы әлемтапырақ,
Сұм Батыстың қанталаған көзіндей.
Қара бұлтпен тұтасып тұр түнгі аспан,
Шығыс жақты шымылдықпен жапқандай.
Күз жаңбыры себелейді тынбастан,
Жерді біреу бытырамен атқандай.
Қайтқан құстың легі көкте созылып,
Жайма-шуақ жаз қызығы біткендей.
Шерлі Шығыс жермен-жексен езіліп,
Ақыреттің ақыр соңын күткендей.
Қара түнек таңға көшу алдында,
Қара суық қарға көшу алдында...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу