Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
10.09.2022
241
ӨРТЕЛГЕН ХАТ
Қош бол менің ғазалым – махаббаттың ғазалы!
Қиналғаным қия алмай – сүйген жүрек азабы.
Жараттың не, жаратпа,
Жанып жатыр бәрі отта...
Жаудай тиіп параққа,
Жалын тілі жалақта!
...Ол да осыны қалаған, мен де көндім амалсыз,
Енді бәрі өткінші, енді бәрі жарамсыз...
Жалын тілі өршиді жалмап-жұлмап, ой, тоба-ай!
Күбірлеймін өзімше әлденені қайталай.
Кешегінің бәрі түс,
Кешегінің бәрі елес...
Жанып жатыр жазған хат, кешіретін хал емес.
Жанып бітті! Күл болды...
Деген осы-ау «көкке ұшты»,
Күлге айналып барады шоғыр жұлдыз – шоқ та ішкі.
Өшкен елес, өң, бейне... ем бер, мейлің, ем берме,
Жалғызсырап сендерсіз қалмасыншы шер кеуде...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter