Өлеңдер ✍️

  10.09.2022
  84


Автор: Исраил Сапарбай

АРЗУ

Жалғанда мынау мiнәйiм
Адамның бәрi арманда…
Қор қылма менi, Құдайым,
Құлқыны құдық жандарға.
Көзiне алтын жалатқан
Жан едiм қызды жар тұтқан –
Сақтай гөр менi, Жаратқан,
Жалмауыз көмей Жантықтан!
Жанығып тұрса жалыным,
Сабырым қашан сап тынған?!
Сақтай гөр менi, Тәңiрiм,
Сабындай жылпос Сатқыннан!
Тәнiмнен жаным шығарда
Өзiңе сапар шексiн дем…
Сақтай гөр менi, бiр Алла,
Есебi түгел Епшiлден!
Мезгiлi жетсе, мейiлi,
Саудырап қалсын сүйегiм!
Анамның ыстық мейiрi
Аузыңда жүрсiн, киелiм!..
…Жапанды ымырт жапты ғой,
Жұлдызсыз, айсыз түн-түнек.
Дүниенi мынау, Хақ-Құдай,
Алсаң бiр еттi сiлкiлеп!!!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу