Өлеңдер ✍️

  10.09.2022
  115


Автор: Исраил Сапарбай

ДЕ – градация

Өңiм түгiл түсiме енбей пүлiш бақ,
Өмiр сүре алмадым-ау дұрыстап.
Еңсе езiлiп,
Еңкiш тартып екi иiн,
Күннен-күнге бара жатыр құныстап.
Көп iшiнен өзiмдi iздеп таба алмай,
Тарықтым-ау,
Торықтым-ау тағы, Алла-ай...
Оңашаға өзiмдi алып қашамын
Кiсiкиiк,
Iшi күйiк адамдай.
Көңiл неге жадау,
жүдеу,
жетiмек?
Таңда тұрам,
Түн баласы шетiнеп...
Жапасы көп,
Опасы жоқ жалғанның
Маған тура қарайтындай бетi жоқ!
Зерiктiрдi мезi мезгiл,
Мекер күн,
Жөнi қайда мединелi мекеннiң?
Өмiр мынау өгей анам секiлдi,
Өз анама қашан, қай күн жетермiн?..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу