Өлеңдер ✍️

  10.09.2022
  91


Автор: Исраил Сапарбай

ШИКIБАС

Көк құсын Қыран болып iлген көңiл,
Сiлкiнсең сiлкiн!
Бiрақ, сыр бермегiн.
Шiренсе шiрендi де бiр Шикiбас,
Сен оның шiренерiн бiлген бе едiң?
Бiлдiң бе бұ неменiң шiренерiн?
Түксиiп,
Түгi үрпиiп,
Түнерерiн?
Азуын Айға бiлер ақын болсаң,
Байқатар кезiң кеп тұр тiл өнерiн!
Сырт iшiн сыр бермеген сыңайланып,
Өзiнше қомпиғанмен «құдай» болып,
Жанары шалшық судай лайланып,
Көзiңе мөлиедi сынай бағып.
Көрсоқыр көкiрегiн ұйқы басқан
Не қайыр күттiң мынау Шикiбастан?
Дұрысы – дулығалы дұшпан артық,
Мәрттiгi мәлiмсiздеу күйкi достан!
Таусылмас ақыреттiк арман, мұңы
Жалғанның осы шығар жалғандығы?..
Қояр-ау Шикiбас та шiренуiн
Айрылып қызметiнен қалған күнi.
Кеңдiктi кiм байқамақ Дала бармай?
Тең, жүктi кiм көтермек Қаранардай?!
Қыранның қырандығы, кiм бiлiптi,
Қарғасыз қалар ма едi бағаланбай?..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу