Өлеңдер ✍️

  10.09.2022
  139


Автор: Тұрсын Жұмаш

ҚАЙДА?

Ұқпайды анық, мені ешкім ұқпайды анық
Кетсем бе екен мөп-мөлдір шыққа айналып,
Кереметпін деп жүрген Ақындардың,
Дірілдетіп тізесін жыққан байлық...
Ал Сен өзің алтын көрсең шыдайсың ба,
Шыдайтындай кім едің, Құдайсың ба?
Сенің шарап ішкенің кімге дәрі,
Өлесің ғой бір күні құлайсың да.
Өлсем өлем, өлмесе Қасым қайда,
Түседі еске Төлеген осындайда.
ЖЕР үстінде жүрмін бе, жүрсем егер,
Туған-туыс қайда жүр, досым қайда?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу