Өлеңдер ✍️

  10.09.2022
  123


Автор: Тұрсын Жұмаш

БАР ДОСЫМНЫҢ ЕСІГІ

Мен аспанга қараймын, Аспан маған
Қарай-қарай көзімнен жас парлаған.
Жүрегім жүз жерден ауырса да,
Қатып-семіп, қарайып тас болмаған.
Аспан жаққа қарайлап алаңдаған,
Қуат беріп келеді маған Далам.
Дос болғысы келіп жүр көсем жігіт,
Сырт айналып Мені Сол жамандаған...
Өксік буып кеудемді алып тұрды,
екі жүзді пенделер жалықтырды.
МЕН жұмыстан қуылған күні өйткені,
Бар досымның есігі жабық тұрды.
Жұмбақ Кеудем білмеймін не тіледі,
Күресінге итеріп кетіп еді.
Көргім келмей жүр еді сол бір досты,
Түкіргім де келмейді бетіне енді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу