Өлеңдер ✍️

  10.09.2022
  235


Автор: Тұрсын Жұмаш

ҒАРЫШ МЕНІ ТАРТАДЫ

Жазға асығам, асығам көк шалғынға,
Моласына өмірде жоқ Шалдың да.
Қайтейін-ай қайта оралдым, қаңтарға
Қиялыммен жер-көкті көп шалдым да.
Көзімді алмай түндерде жұлдыздардан,
Көріп қалып жүремін бір Қызды алдан...
Бір жарқ етіп ғайыптан, жоқ болады
Поэзия әлемінен біз бір барған.
Өткен жаздың қызығы... көбі есімде,
Шыбын өліп қалды деп өлесің бе?
ЖҰМБАҚ қыз-ау, көп жұлдыз арасынан -
Менің мөлдір бейнемді көресің бе?
Періштесін көрдім де Алашымның,
Жабық еді түндігім, тағы ашылдым.
Ғарыш мені тартады, қалған ғұмыр,
Көз жасыңда жүреді Анашымның.
Қаңтар айын - жат көрем, ұнатпаймын,
Сыңсып жылап тұрады мың Ақ қайың,
... Мені ешкім жұбатқан жоқ еді ғой,
Ал мен өзім ешкімді жылатпаймын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу