Өлеңдер ✍️

  10.09.2022
  130


Автор: Тұрсын Жұмаш

ЕКЕУМІЗДІ

Екеумізді табыстырған тағдыр ма?
Болса болар, мені жалғыз қалдырмаБіз екеуміз қарыздармыз Көктемге -
Көктем айы, сәуірдегі жаңбырға.
Шартарапқа кетті ұшып жыр-құсым,
Бір-ақ күнде түзеледі тұрмысым.
Мені саған адалдығым үшін де,
Арманыма жеткізеді бұл Қысым.
Алаңдама қалған ғұмыр үшін Сен,
Бақыттымын жанымды ұғып, түсінсең..,
Қимасаң да томағасын сыпырыпҚыраныңды қияндарға ұшыр сен.
Қасиетін түсіне біл тұғырдың,
Мәңгілігін емесін де ғұмырдың...
Бойымдағы барлық жақсы қасиет,
Кіп-кішкентей жүрегінде жүр ұлдың...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу