Өлеңдер ✍️

  10.09.2022
  118


Автор: Тұрсын Жұмаш

КЕЗДЕСЕМІН

Жетіскеннен емес енді айтам ән,
Жынданудың алдындамын айт оған,
Азғана уақыт көрінді де көзіме,
Көрінбейтін болып алды қайтадан.
Бар болатын болса жердің бетінде,
Айтшы оған: Ақын да бір жетім де;
Құлақ түріп отырамын түндерді,
ҒАРЫШ жақтан естілетін жеті үнге,..
Мен өзімді түсіне алмай шаршағам,
Қатарыңа қайта қосып алшы, Адам.
Көктем қайтып шығады ғой бұрқырап,
Қар астында қалып қойған аршадан.
Жүріп келем мен бір бөлек ізбенен,
Көз алдымда Періштелер жүздеген.
ҒАЛАМШАРДА ғалымдарға мәлімсіз,
Кездесемін сол бір жұмбақ қызбенен.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу