Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
10.09.2022
131
СОЛАЙ ДОСТЫМ
Өз ортамнан алыс қалдым, алыстап,
Өмірден де алыстармын осылай...
ПОЭЗИЯДАН қашып кетіп... мал ұстап,
Байып алсақ қайтеді осы, досым-ай.
Бұл заманда таласады жырға кім,
Намыс буып, өлеміз бе намыстан.
АЛТЫНЫМ жоқ, берер едім бір қабын -
Туыстарға көшіп келген алыстан.
Бар бақытты берер дейсің үйіп кім,
Не табасың көшіп келіп ауылға.
Сен мен үшін алаңдама сүйіктім,
Қарсы жүріп кетіп қалсам дауылға.
Солай достым, түнді отырам күн етіп,
Адамзатқа айтар сөзім болғасын.
Жүрегіме көктемдерді түнетіп,
ПОЭЗИЯДАН бастаған ем жол басын...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter