Өлеңдер ✍️

  10.09.2022
  127


Автор: Тұрсын Жұмаш

КҮН КЕШТІМ

Қайғылы-мұңды күн кештім,
Күн кештім үнсіз күрсініп.
Қол ұшын бермей жүрді ешкім,
Аштырмай көзді тіршілік...
Ой соқты болып арыдым,
Жүдедім содан мен тіптен,
Өлеңім - жалғыз жарығым,
Сағынып сені ел күткен.
Алланың бары анық қой,
Күтпедім көмек өзгеден.
Сен кетпе Өлең. қалып қой -
Сен үшін ғана төзген ем...
Иттігін иттің айтам ба?
Кайтемін итпен таласып,
Жүректі ауыртып қайтам да,
Жүреді жаным тағы ашып...
Отыздан астым аз ғана,
Ашылды аздап аспаным.
Қарайды қыздар наздана,
Көрмейді көзде жас барын...
Ғасыр дерті - ісікті
Іздесең ... ЖҮРЕК ТҰСЫМДА.
Маған да құрық түсіпті,
Алладан келген қысым ба?
Қара жер қойның салқын ба,
Қайтеді құшақ ашпасаң,
Қарсы алу АТА САЛТЫҢ БА,
Болмайды-ау, болмас қашпасам...
Қырдағы Қазақ не дейді,
Не дейді Қазақ Ойдағы,
Абайды... сосын СЕМЕЙДІ,
Бұл ҒАСЫР жалмап қоймады.
Азапқа мен бір түстім де,
Көзіме жастың толғаны...
ЖҰМЫР ЖЕР. Сенің үстіңде,
АЛАШЫМ қалса болғаны,..
Қайғылы-мұңлы күн кештім,
Күн кештім үнсіз күрсініп,
Қол ұшын бермей жүрді ешкім,
Аштырмай көзді тіршілік.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу