Өлеңдер ✍️

  10.09.2022
  180


Автор: Тұрсын Жұмаш

КҮЗГІ ОРМА Н ІШІНДЕ

Жапырақтар жауып тұрған,
Күзгі орман ішінде,
Аққайыңға сауық құрған,
Жиі барам түсімде.
Дөңгелейді далам дәйім,
Ай сәулесі жолымда.
Саған келдім дара қайың,
Бір шумақ жүр жанымда.
Сенде болмас жазық тіптен,
Аманбысың, қалайсың,
Әлемде жоқ нәзіктікпен,
Маған үнсіз қарайсың...
Қара қарға қарқылдайды,
Түсімді де қызғанып.
Балта жүзі жарқылдайды,
Өтермін деп сызданып.
Саған қарап тұрам күліп,
Түсім бе бұл, қалқашым.
Қорқамын мен бір әңгүдік,
Қайрап жатса балтасын.
Жапырақтар жауып тұрған,
Күзгі орман ішінде.
Аққайыңға сауық құрған,
Жиі барам түсімде.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу