Өлеңдер ✍️

  10.09.2022
  83


Автор: Тұрсын Жұмаш

МИСТИКА

Айналып ұшып қонбайтын жерге құс
көрсең,
Қайдағы түсіп есіңе сосын түс көрсең,
Ол менің мәңгі өлмейтін Рухым екені,
Қиналып кетіп... қия алмай жүрген мекенін
Айтайын саған қонуға әзір емесін,
Рухтардың қазір мүмкін бе көру денесін,
Мені іздеп бір күн Балқантау асып
жоғалсаң,
Аяулым, сені адасып өлді демесін.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу