Өлеңдер ✍️

  10.09.2022
  101


Автор: Тұрсын Жұмаш

МИКРОЭВАКУАЦИЯ

Атып тұрам, ұйқы қалып, ет қызып,
Жер астынан сұмдық үрей жеткізіп.
Бір жойқын күш тербетеді үйімді
Кітаптарды, төсек-орын киімді...
Тербетеді жақтау, төбе, есікті
Кіп-кішкентай сәби жатқан бесікті.
Төрт қабырға тірлік құрған мен сеніп,
Әлсіздігін мойындайды теңселіп.
Егер адам кең әлемге шықпаса,
төрт қабырға болмайды екен мықты аса.
...Жанарында үміт-үрей алмасып,
деді әйелім: "Жүр далаға, қалма, шық"
Қыл үстінде тұрса өмір азапты
Мен осындай көрдім қанша мазақты!
Құдіретің асып тұр ғой. Полигон,
Құдіретің басып тұр ғой Қазақты...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу