Өлеңдер ✍️

  10.09.2022
  96


Автор: Тұрсын Жұмаш

ҚАРСЫЛЫҚ

ХХ-ғасырды бұл дәріптеп,
Өлең жазар аусар емен мен енді,
Бүкіл әлем көрсін сені Кәріпбек,
Көрсет, қолсыз жаратылған денеңді!
Көрсет, көрсін сонау алыс Мәскеуде,
Бізді адам көретіңдер бар шығар.
Жанды мүсін сияқтанып жас кеуде
Көздерімнен үзіледі тамшылар...
Болашаққа көз жібере аламын,
Бабалардың ұлылығын дәріптеп.
Қасіретке толы осынау даланың
Қарсы тұру белгісі, ол - Кәріпбек!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу