Өлеңдер ✍️

  10.09.2022
  188


Автор: Тұрсын Жұмаш

СЕНІҢ ҚАРА КӨЗДЕРІҢ

Қиындығын тағдырдың тағы
ұқтырдың,
Мен де үнсіз егіліп, налып тұрдым,
Қу жалған-ай, біз саған не жазып ек,
Өлеңді де жаздырып... жалықтырдың.
Алтыным-ай, сүйенші мына маған,
Мен де саған қосылып, жылап алам.
Мұқаң айтып кетті ғой, Мұқағали
"Барлық ақын туған деп бір анадан".
Сеніп келдік анаған, мынаған да,
Біздің тірлік оларға ұнаған ба?
Адамдардың жүрегі - Мұзды мұхит,
Ерімейтін ақындар жылағанда...
Керегі жоқ ақылдың ақылсызбын,
Жүрегімде таңбасы жатыр сыздың...
Қорықпаймын ешкімнен, ештеңеден,
Сенің ғана алдында батылсызбын.
Мен сен үшін болмаймын қайтып
құрбан,
Махаббаттың ләззатын қайта ұқтырған.
Көздеріңнен айналдым, көздеріңнен,
Жалғанның жалғандығын айтып
тұрған.
Ұнатпайтын болдым мен көп пендені,
Өлеңіңді оқышы өткендегі.
Көсемнің көшесінде екі ақын тұр.
Бірін-бірі көрмеген көптен бері.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу