Өлеңдер ✍️

  10.09.2022
  266


Автор: Тұрсын Жұмаш

ҚИМАЙМЫН

Қызық еді бүл өмір ол барында,
Кездесуші ек жалғанның жолдарында
Қашан көрсем: үстінде ақ көйлегі,
Бір тал ақ гүл болатын қолдарында.
Сонда менің жетердей төбем көкке,
Сырымды айтып қоятын өлең көпке,
Биігіне мен оның жете алмасам -
Қатар ұша берейін, төмендеп те.
Мінсіз еді мүсіні, өзгеше еді
Қайран қалып қарайды көз кешегі,
Сол бір ару болмаса жердегі бұл,
Ит тірлікке жүрегім төзбес еді.
Ол кетті де мен үнсіз еңіредім,
Өмір жайлы мен осы не білемін?
Аспан жаққа бір қарап күрсінем де,
Арбасына тірліктің жегілемін.
Қарғап-сілеп қайтемін жасағанды,
Қу тірлікте түк те жоқ аса мәнді.
Періште емес екен ол, пері де емес,
Қиналамын, қимаймын осы адамды.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу