Өлеңдер ✍️

  10.09.2022
  211


Автор: Тұрсын Жұмаш

ӘКЕ ҚАБІРІ БАСЫНДАҒЫ ОЙ

Ұлы Отан соғысында алған жарақаттан 44 жасында дүниеден өткен офицер, ұстаз Темірғали ЖҰМАШҰЛЫНА
Сен кеткелі дүниеге басқа бір
Сені басып жатып алды тас қабір,
Аспан ашық
тұр емес пе, құдай-ау,
Көзімдегі қатып қалған жас па бұл?
Қабіріңе түстің бе, Әке, бір аунап,
Мені де бір ауыр ойлар жүр аулап.
Құлыныңды тастап кеттің...
Ал Өзің,
Құлын көрсең жүруші едің құраулап.
Қырық жастан аспады ғой алдымыз,
Жүрегіңде оқтан басқа қалды ма із?
Сен кеткенде
бір бұрышта бүрісіп
Екі ұлын мен жапырақтай қалды қыз.
Қандай бақыт күтіп едік алдан біз,
Ұстаз болды сол бір жетім қалған қыз.
Қайран, Әке,
өзіңді ойлап жетілдік,
Қос аңаның құшағында қалған біз.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу