Өлеңдер ✍️

  10.09.2022
  826


Автор: Кәрім Жұмағалиев

Жан - ерке

Әні де, өлеңі де Кәрім Жұмағалиевтікі
Адамзат бағын аралап жүріп, өзіңді таңдадым,
Табиғат қандай сендей сұлуды берген деп таң қалдым.
Мен үшін жаным артық қой сенің алтыннан да салмағың,
Жүректен шыққан, көңілмен ұққан, осы әнді саған арнадым.
Қайырмасы 2 рет қайталанады: А..........а..аа....ай
Өзіңді таңдадым,
Соңыңнан қалмадым,
Осы әнді арнадым, Жан-ерке...
Есіңде болар жан-еркем сені, мен іздеп барғаным,
Есімде менің жан-еркем сені, ұнатып қалғаным.
Есіңде болар жан-еркем сені, жаным деп айналдым,
Есімде менің жан-еркем сені, жар етіп сүйіп алғаным.
Қайырмасы 2 рет қайталанады: А..........а..аа.......ай
Сені іздеп барғаным,
Ұнатып қалғаным,
Жар етіп сүйіп алғаным, Жан-ерке
Арнаған саған өлеңімді айтып, жадырап жайнашы,
Жүрегің балқып, көңілің шалқып, еркелеп назданшы.
Достармен бірге, кездескен жерде, қалжыңдап ойнашы,
Өзіңе арналған, сезімім жалғанған, әнімді айтып тоймашы.
Қайырмасы 2 рет қайталанады: А.........а...аа.....ай
Жадырап жайнашы,
Еркелеп назданшы,
Әніме тоймашы, Жан-ерке...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу